Қазақстандық журналист Түркияда екі жасар қызымен бірге жол апатынан қаза тапты

Қазақстандық журналист Түркияда екі жасар қызымен бірге жол апатынан қаза тапты
Фото: trthaber

Түркияның Аланья қаласында жол апаты салдарынан екі қазақстандық қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі TRT Haber басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте болды. Екі көлік соқтығысып, үш турист опат болды. Басылым мәліметінше, сафари көлігінде болған Қазақстан азаматы оқиға орнында қаза тапса, ресейлік турист пен 2 жасар қазақстандық ауруханада қайтыс болған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-арнасында жол апатынан танымал журналист, "Зейін Атырау" балаларды оңалту орталығының негізін қалаушы Арайлым Бақытжан қаза тапқанын жазды.

"Ол Антальяда ірі жол апатына ұшырады. Онымен бірге кішкентай қызы да қайтыс болды. Ал күйеуі ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Қазір Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен келіссөздер жүргізіліп, отандасымызды емдеу үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын", - деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова