Таиландта 18 жастағы қазақстандық қаза болды

Таиландта 18 жастағы қазақстандық қаза болды
Фото: thephuketnews.com/Eakkapop Thongtub

Таиландта 18 жастағы қазақстандық қаза болды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі өкілдері растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Phuket News мәліметінше, қазақстандық 1 қыркүйекте Най Янг жағажайының маңында жоғалып кеткен. Пхукет туристік полициясы бұл ресейлік турист болуы мүмкін екенін хабарлады. Сол күні ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылған іздеу-құтқару операциясы басталды.

3 қыркүйекте таңертең Най Янг жағажайынан 18 жастағы қазақстандық өлі табылды. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 1 қыркүйекте консулға Пхукет жағалауында жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені туралы ақпарат келіп түскен.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 

"Таиландтық құтқарушылар екі күндік іздестіру жұмыстарынан кейін 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Марқұмның ата-анасы Пхукетке жетті", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек