Қазақстанда 5 жаңа министрлік пайда болды

Қазақстанда 5 жаңа министрлік пайда болды
Фото: Ақорда

Қазақстанда 5 жаңа министрлік құрылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлығымен

  • Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Жолдауда Мемлекет басшысы Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын мәлімдеген еді.

Кейінірек Көлік министрлігін қайта құру туралы айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова