Президент кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды

Президент кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында балалардың қауіпсіздігі туралы айтып, зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатаңдатуды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың психикалық саулығы - өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу - әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз - "сапа". Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет", - деді Тоқаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова