Әнші Мөлдір Әуелбекова жол апатына ұшырады

Әнші Мөлдір Әуелбекова жол апатына ұшырады
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова жол апатына ұшырағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі өзінің instagram парақшасына жолда абай болуды жеткізді. 

"Бүгін жол апатына ұшырадық. Соған қарамастан, жұмыста күлімсіреп жүруге тура келеді. Аллаға шүкір, бәріміз аманбыз. Жолда абай болайық", - деп жазды әнші. 

 Айта кетейік, әнші Мөлдір Әуелбекова бұған дейін үшінші рет тұрмысқа шығатынын хабарлаған еді. Оның болашақ күйеуі кім? Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Е. Ерболұлы