- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар қатерлі ісік...
Ғалымдар қатерлі ісік жасушаларымен күресетін дәмдеуішті анықтады
Қатерлі ісік - әлем бойынша өлім-жітімнің кең таралған себебі. Заманауи медицинаның дамығанына қарамастан, оны толықтай жеңу әлі де мүмкін емес. Бірақ қазір дәрігерлер мен ғалымдар онкологиялық ауруларды алдын алудың түрлі жолдарын біледі. Осы тақырыпқа қатысты көптеген зерттеулер жүргізіліп жатыр. Жапониядағы Осака университетінің мамандары зімбірдің бір түрі – кенкур қатерлі ісікке қарсы қасиетке ие екенін анықтаған. Бұл жайлы Doctorpiter порталы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Онкологқа қаралу керегін білдіретін белгілер:
- себепсіз салмақ тастау;
- денедегі ерекше ісінулер мен төмпешіктер;
- 3-4 апта бойы кетпейтін жөтел;
- денедегі меңдердің мөлшері, пішіні немесе түсіндегі кез келген өзгерістер;
- зәрдегі немесе нәжістегі қан;
- зәр шығару проблемалары;
- ұзақ уақыт қыжылмен қиналу;
- жұту қиындықтары;
- түнде қатты терлеу.
Әдетте кенкурді тамаққа ерекше дәм беру үшін пайдаланады. Зімбірдің бұл түрі денсаулыққа өте пайдалы: ол қабынумен күреседі, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Оны кейде асқазаны ауыратын адамдарға береді. Бірақ бұрын зімбірдің бұл түрінің онкологиялық ауруларға пайдасы жайлы ешқандай ғылыми дәлелдер болмады.
Ғалымдар тобы зерттеу жұмысы кезінде кенкур экстрактісі мен оның негізгі белсенді компоненті - этил-п-метоксициннамат қатерлі ісік жасушаларының өсуін басып тастайтынын анықтаған.
Зімбір қосылған шайдың пайдасы
А. Жапатова