- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрумен жетіспеушілігі денсаулығыңызға...
Дәрумен жетіспеушілігі денсаулығыңызға қаншалықты қауіпті?
Дәрумендер ағзаңызға керекті маңызды микроэлементтер. Денсаулығызды бірқалыпта сақтап, орган жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін осы дәрумендер.Олардың жетіспеушілігінен "Авитаминозға" шалдығуыңыз мүмкін. Massaget.kz тілшісі авитаминоздың қауіптілігі мен ағзаңызға қандай дәрумендер керек екенін зерттеп көрді.
Дәрігерлер витамин жетіспеушілігін үш сатыға бөледі. Авитаминозға шалдығуыңыздың себебі, дәрумендердің сіңуіне кедергі келтіретін тұқым қуалайтын табиғи аурулар, тұтынатын тағамдарыңызда дәрумен тапшылығы, күннің қысқа болуына байланысты D дәруменінің жетіспеушілігі секілді сыртқы факторлар. GMS Clinic энкринологы Дарья Милайлованың айтуынша, авитаминоз кез келген дәрумендердің толық жетіспеушілігінен пайда болады. Салдарынан ағзаңызда айтарлықтай мәселелер туындауы мүмкін.
"Авитаминоз кез-келген дәруменнің толық жетіспеушілігін білдіреді, салдарынан цинга, бери-бери секілді ауыр бұзылулар дамиды. Бұрын көкөністер мен жемістерді тұтынудың маусымына байланысты, көктем айларында кейбір дәрумендердің жетіспеушілігі байқайтын едік, ал қазір адамдардың жыл бойы диетада отыратынын ескеріп, D дәруменінің орташа жетіспеушілігін ғана байқаймыз", - дейді маман.
Күнделікті өміріңізде мына белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігердің көмегіне жүгініп, белгіленген дәрцмендерді қабылдау арқылы авитаминоздың алдын ала аласыз.
Шамадан тыс әлсіздік пен шаршау
С дәрумені иммунитетті нығайтуға көмектеседі, ал В дәрумені қосылса энергияның жоғары дейгейін қамтамасыз етеді. D дәруменінің тапшылығы апатия мен шамадан тыс шаршауға әкелсе, В9-дың жоқтығы анемияға алып келеді. Өз кезегінде, анемия әлсіздік пен бас айналуды тудырады.
Сүйек пен тіс мәселелері
D дәрумені мен кальций сау сүйектер мен тістерді сақтауда шешуші рөл атқарады. Бұл дәрумендердің жетіспеушілігі сүйектердің әлсіреп, сыну қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Тері және шашыңыздың әлсіздігі
А және Е дәрумендерінің жетіспеушілігі теріні құрғатып, тітіркенуге бейім етіп теріс әсер етеді. Сонымен қатар, шаш пен тырнақ әлсіз, сынғыш болуы мүмкін.
Көру қабілетіңіз нашарлап, көзіңіз мазаласа
А дәрумені көздің денсаулығы мен көру қабілетін сақтау үшін маңызды. Бұл витаминнің жетіспеушілігінің соңы түнгі соқырлыққа әкеледі.
Депрессияға көп түссеңіз
ҒалымдарВ1, В3, В6, В9 және В12 дәрумендері нейрондық функция үшін өте маңызды екенін атап, олардың жетіспеушілігін депрессияның дамуымен байланыстырады.
Жылдам көгеру мен қан тоқтауының қиындығы
Жеңіл сырып өтуден денеңіз қатты көгеріп, қан тоқтату қиын болса, бұл қан ұю мәселесі. Себебі, ағзаңызға К витамині жетіспеуі мүмкін.
Дәрумен жетіспеушілігі бірқатар аурулар тудыратын күрделі мәселе. Көп жағдайда дәрумендердің жетіспеушілігінің әртүрлі тағамдарды қамтитын теңдестірілген диетаны ұстану арқылы алдын алуға болады.Егер ағзамда дәрумендердің жетіспеушілігі бар деп күдіктенсеңіз, дәрігер немесе диетолог көмегіне жүгінгеніңіз абзал.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!