Түнде ұзақ жұмыс істеу несімен қауіпті?

Түнде ұзақ жұмыс істеу несімен қауіпті?
Фото: pixabay.com

Заманауи өмір ырғағы мен жұмыс шарттары көптеген адамдарды түнде жұмыс істеуге мәжбүр етуі мүмкін. Алайда түнде ұзақ жұмыс істеу физикалық және психикалық денсаулыққа, сондай-ақ жалпы өмір сапасына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Түнде ұзақ жұмыс істеу немесе түнгі ауысымдағы жұмыс сізге қандай қауіп төндіруі мүмкін?

Ұйқы бұзылады
Біздің ағзамыз биологиялық ырғақтарға сәйкес қызмет етеді. Оны циркадты ырғақтар деп те атайды. Түнде жұмыс істеу ұйқының және ояу жүрудің табиғи ырғақтарын бұзып, ұйқысыздыққа және күндізгі ұйқышылдыққа қатысты проблемаларға әкеледі.

Жүрек пен қан тамырларға жағымсыз әсер етеді
Ұзақ түнгі жұмыс жүрек-қан тамырлар аурулары қаупін арттырады. Бұл ұйқы режиімінің бұзылуымен байланысты.

Түрлі аурулар қаупін арттырады
Ұзақ түнгі жұмыс гормондар тепе-теңсіздігіне әкеледі. Ал ол түрлі аурулар қаупін арттырады. Мысалы: қант диабеті, семіздік, қатерлі ісік және т.б.

Асқорыту нашарлайды
Циркадты ырғақтар асқорыту жүйесіне әсер етеді. Адам ағзаның биологиялық ырғақтарына сәйкес тамақтанбағандықтан, асқорыту бұзылуы мүмкін. Бұл артық салмаққа әкелуі мүмкін.

Күйзеліске түсіреді
Түнгі жұмыспен байланысты күйзеліс және ұйқының бұзылуы депрессия, мазасыздық және ашуланшақтық секілді психологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін.

Өміріңізге және қарым-қатынасыңызға жағымсыз әсер етеді
Түнгі жұмыс отбасыңызбен немесе достарыңызбен араласуға кедергі клтіруі мүмкін. Себебі сіздің жұмыс кестеңіз басқалардың уақытымен сәйкес келмейді.

Түнде жұмыс істейтін адамдарға бірнеше пайдалы кеңес:

  • Кестені дұрыс жоспарлау. Жұмыс кестеңізді ұйымдастыру кезінде түнгі ауысым ұзақтығын барынша қысқартатындай және демалуға уақыт болатындай етіп жасауға тырысыңыз;
  • Ұйқы режимін сақтау. Күніне 7-8 сағаттан аз ұйықтамауға тырысыңыз. Сондай-ақ ұйықтауға қолайлы шарттарды жасаңыз. Мысалы: бөлмені қараңғылату, қолайлы температура жасау;
  • Дұрыс тамақтану. Рационыңызға мән беріңіз. Пайдалы тамақтар жеп, зиян тіскебасарлардан бас тартыңыз;
  • Физикалық белсенділік. Күн тәртібіңізге физикалық жаттығулар қосыңыз. Бұл жалпы денсаулығыңызды жақсартуға көмектеседі.

Үйде отырып жұмыс істеудің артықшылығы мен кемшілігі

А. Жапатова