- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысындағы шатқалда...
Маңғыстау облысындағы шатқалда жазу жазған ер адам кім екені анықталды
Ақтөбе қаласы әкімдігінің өкілдері Маңғыстау облысындағы Ыбықты сай шатқалында жазу жазған ер адам Мәдениет үйінің директоры екенін ресми түрде растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ол адам Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры екені рас. Былтыр қазаннан бері жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін тәртіптік жазаға тартылған емес. 1 тамыздан бері жыл сайынғы еңбек демалысында. Қажеттілікке байланысты біз оны еңбек демалысынан қайтадан шақырып аламыз", - дейді Ақтөбе қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиева Tengrinews.kz тілшісіне.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мәдениет үйінің директоры жұмысқа шыққаннан кейін түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қызметтік тергеу нәтижелері бойынша оған қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік жаза қолданылады. Мәдениет бөліміндегілер оны жұмыстан шығару екіталай екенін атап өтті, өйткені тәртіптік жаза ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс беріледі.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз. Ер адам балға, бұрағышқа ұқсас затпен жартасқа ойып жазады. Әлеуметтік желілерде ер адамның әрекеті көрінетін видео жарияланды.
"Туристерге Ыбықты сай мен Бозжыраны көрсетуге келдік. Бірақ бұл жерде, өкінішке қарай, вандалдар өз аттарын тасқа жазады, ұят", - дейді видео авторы.
Айта кетейік, бұл Ыбықты сайдағы алғашқы жағдай емес. 2023 жылғы мамырда Ыбықты сай шатқалында демалушылар кәуап пісіру үшін от жаққан. Демалушыларды "Ақтау добряков клубының" еріктілері видеоға түсіріп алған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина