Қазақстан тарихындағы ең жас депутат болған Мәди Ахметов қазір немен айналысып жүр?

Қазақстан тарихындағы ең жас депутат болған Мәди Ахметов қазір немен айналысып жүр?
Фото: instagram.com/madi_akhmet

Экс-депутат Мәди Ахметов қазір немен айналысып жүргені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ГосАрхив" Telegram-арнасының мәліметінше, Мәди Ахметов ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білім алады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, экс-депутат академияда ақылы негізде білім алады. 

Ал академиядағы оқу ақысы 2 миллионнан жоғары. 


Фото: apa.kz 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы - мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madi AKHMET (@madi_akhmet)

Мәди Ахметов 1995 жылы Алматы қаласында туған. VIІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жас Парламент депутаты да болған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина