Математика мұғалімі кәмелетке толмаған оқушыны зорлағаны үшін қамауға алынды

Математика мұғалімі кәмелетке толмаған оқушыны зорлағаны үшін қамауға алынды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

АҚШ-та мұғалім кәмелетке толмаған оқушыны зорлағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Law and Crime басылымына сілтеме жасап. 

Теннесси штатының Гамильтон округіндегі мектепте жұмыс істеген 28 жастағы Кейси МакГрат 18 тамызда қамауға алынды. Әйел математикадан сабақ беріп, волейбол жаттықтырушысының көмекшісі болып жұмыс істеді және мектептегі ең танымал мұғалімдердің бірі саналды.

2021 жылғы қазанда Макграт "ай мұғалімі" марапатын алған. Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында сабақтан кейін оқушылармен сөйлескенді ұнататынын айтқан. 

Көктемде МакГрат оқушыларының бірін зорламақ болды деген күдікке ілінді. Тергеу басталғаннан кейін ол мектептен шығарылды. Кейін оған кәмелетке толмаған баланы зорлады деген айып тағылды.

WTVC мәліметінше, істің мән-жайы айтылмайды, алайда қылмыс 2022 жылғы 1 мамырда жасалғаны, ал жәбірленуші 13 пен 18 жас аралығында екені белгілі.

Алғашқы сот отырысының күні әлі белгіленген жоқ. Теннесси заңы бойынша кәмелетке толмаған баланы зорлау екі жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек