- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда жартасқа атын...
Маңғыстауда жартасқа атын ойып жазған ер адам қызу талқыға түсті
Фото:
Lada.kz
Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Ер адам балға, бұрағышқа ұқсас затпен жартасқа ойып жазады. Әлеуметтік желілерде ер адамның әрекеті көрінетін видео жарияланды.
"Туристерге Ыбықты сай мен Бозжыраны көрсетуге келдік. Бірақ бұл жерде, өкінішке қарай, вандалдар өз аттарын тасқа жазады, ұят", - дейді видео авторы.
Айта кетейік, бұл Ыбықты сайдағы алғашқы жағдай емес. 2023 жылғы мамырда Ыбықты сай шатқалында демалушылар кәуап пісіру үшін от жаққан. Демалушыларды "Ақтау добряков клубының" еріктілері видеоға түсіріп алған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова