Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

24 тамызда Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Рудныйдың ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан.

Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемей, жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша "Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!