Түрме қызметкері сотталушыға ғашық болғаны үшін қамауға алынды

Түрме қызметкері сотталушыға ғашық болғаны үшін қамауға алынды
Фото: elements.envato.com

Ұлыбританияда түрме қызметкері сотталушыға ғашық болғаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mirror-ға сілтеме жасап. 

23 жастағы Аиша Голсби Дорсеттегі Портлент түрмесінде жұмыс істеген. Қыз тонау және есірткі саудасы үшін сотталған 21 жастағы Дино Харрисонмен қарым-қатынаста болған. Сотталушы түрме қызметкерімен 2021 жылғы тамызда әлеуметтік желі арқылы сөйлесе бастаған, ал ұялы телефонын камерасында жасырын ұстаған. Хат алмасуда жігіт қызға сүйетінін айтқан. 

Түрме қызметкері сотталған жігіттің ұялы телефон ұстап жүргенін жасырған. Оның үстіне, 2022 жылғы қаңтарда қыз камераларды тінту жұмысы туралы білгенде, сүйіктісіне ескерткен. Алайда 28 қаңтарда сотталған жігіттің телефоны табылды. Онда қызбен хат алмасқаны, сондай-ақ, қыздың телефонынан 11 қоңырау шалынғаны анықталды. Түрме қызметкері қамауға алынды. Тергеу барысында ол жұмыстан шеттетіліп, бірнеше айдан кейін қыз жұмыстан кетті.

Сотта қыз қоғамдық тәртіпті бұзған үш тармақ бойынша кінәсін мойындады. Ол 16 айға бас бостандығынан айырылды. Жігіт камерада телефон ұстағанын мойындады және бұрынғы үкіміне қоса тағы алты айға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек