Алматыдағы түтін неден шыққаны белгілі болды

Алматыдағы түтін неден шыққаны белгілі болды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыдағы түтін неден шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 тамызда сағат 01:36-да ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Сүйінбай даңғылы, 50 мекенжайы бойынша қоймалардағы өрт туралы хабарламаға жіберілді. Алғашқы бөлімшелер сағат 01:44-те оқиға орнына жеткенде өрт ангар типті қойманы ашық жалынмен шарпығаны анықталды. Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға тарау қаупі туындады.

Өртті сөндіруге екі учаскесі құрылып, көршілес қоймалардағы өртті сөндіру және одарды қорғау үшін қол және лафет оқпандар енгізілді. Қызып кеткен конструкциялар кесілді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек