- Негізгі бет
- Спорт
- Зайнутдиновтың "Бешиктас" сапындағы...
Зайнутдиновтың "Бешиктас" сапындағы алғашқы ойында соққан голы командаға жеңіс әкелді
Қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Бұл матч Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде Киевтің "Динамосына" қарсы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зайнутдинов бірінші таймнан кейін бірден алаңға шығып, Конго Демократиялық Республикасы құрамасының қорғаушысы Артур Масуаканың орнын алмастырды.
Ойынның өзі Бухарестте өтіп, түрік командасының жеңісімен аяқталды. Есеп - 3:2.
Ыстамбұлдық клуб есепті екі рет алға шығарғанымен, бірақ киевтіктер екеуінде де есесін қайтара алды. Әйтсе де, ойын соңында Шенол Гүнештің шәкірттері алаң иелеріне гол соқты.
"Бешиктас" командасынан голдарды Венсан Әбубәкар (40-минутта пенальти), Омар Колли (64-минут) және Бақтиер Зайнутдинов (90+5-минут), ал динамолықтардан Николай Шапаренко (60-минут) пен Назар Волошин (66-минут) салды.
Енді командалардың қарымта кездесуі 1 қыркүйекке қараған түні Ыстамбұлда өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан