Самат Әбішке қатысты тың ақпарат пайда болды

Самат Әбішке қатысты тың ақпарат пайда болды
Фото: Самат Әбіш. Gov.kz

Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің қазір қайда тұрып жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DALA INSIDE Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Арна мәліметінше, экс-шенеунік қазір тыныш қана Түркияда тұрып жатыр. Осы күнге дейін барымта-сырымтамен тапқан капиталы оған уайымсыз өмір кешуге мүмкіндік береді.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша, Саматтың түрік жерінен тұрақ табуына президент Ердоған мен түріктің Ұлттық барлау қызметі (Milli İstihbarat Teşkilatı, MIT) рұқсат берген.

Саматтың Түркиядан өзге барар жер, басар тауы жоқ десек, қателескен боламыз. Назарбаевтың немере інісі Әмірліктерден, соның ішінде Дубайдан жылжымайтын мүліктің бірнешеуін алып тастаған. 

Арна мәліметінше, ҰҚК мен MIT Әбішке қатысты ортақ ұйғарымға келген, ұдайы ақпарат алмасып отырады.

Саматтың ағасы Қайрат Сатыбалды былтыр наурызда Дубайға қашқалы тұрған жерде құрықталған. Қазір ол Өскемендегі түрмеде жатыр. ҰҚК-нің экс төрағасы Мәсімов те осы жерде жазасын өтеп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек