- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Босқа кеткен миллиондар-ай"....
"Босқа кеткен миллиондар-ай". Астанадағы "Шабыт" өнер университеті не үшін талқандалған?
Астанадағы "Шабыт" өнер университеті талқандалған. Мекеме өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде өнер университетінің талқандалған видеосы тарады. Видеода өнер университетінің ғимаратының қаңқасы ғана қалғанын көруге болады.
Желі қолданушылары бұл құрылыс жұмыстары ма, әлде жалпы ғимаратты алып тастап жатыр ма - түсінбеген.
"Босқа кеткен миллиондар-ай"
"Әдемі тұрған сияқты еді ғой, не болды екен?"
"Ақша жымқыру"
"Кәдімгі үйге жасағандай жөндеу жұмысы ғой, несі түсініксіз?", - дейді Желі қолданушылары.
Бұл видеоға қатысты өнер университетінің өкілдері түсінік берді.
"Ғимаратты реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, 1,5 жыл ішінде ғимараттың аумағын көбейтеді. Ғимарат қайтадан өз қалпына келітіріледі. Құрылыс жұмыстарының басталғанына 1 айдай болды. 2024 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Оқушылар мен мұғалімдер уақытша Ramada Plaza-да оқып жатыр", - дейді өнер мектебінің шаруашылық қызметінің проректоры Тоқтарбек Жұмақанұлы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина