- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 84 Серкан, 50...
84 Серкан, 50 Эда: қазақтар балаларына қандай есім беріп жүр?
Қазақстанда Әлихан есімі бірнеше ай қатарынан жаңа туған ұлдар арасында ең танымал есім болып келеді. Ал қыздарға көбіне Медина мен Асылым деген есім беріледі. Бұл - Ұлттық статистика бюросының мәліметтері. Қозыбаев университетінің оқытушысы Орал Құсайынов балаға есім берудегі ерекшелік туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, қазір балаларының есімін түрлі фильмдер мен телешоулардағы сүйікті кейіпкерлерінің құрметіне қоятындар көбейген. Мысалы, елімізде төрт Хюррем, екі Махидевран және төрт мыңға жуық Сүлеймен бар. 84 адамға Серкан, ал 50 қызға Эда есімі берілген. Бұл - танымал түрік сериалынан кейін пайда болған тренд. Бұдан басқа, "Тақтар ойыны" сериалынан кейін тоғыз қыздың есімі - Дейенерис, 56 қыз - Арья.
"Қазақстан екі ағымның ықпалында: бір жағынан оңтүстіктен келген ислам діні. Біз ұзақ уақыт бойы исламнан алшақ болдық, қазір байланыс орнап келе жатыр және қазір исламға қатысы бар есім өте көп - Нұрислам, Мұхамед, Әли. Батыстың әсері де бар - әртүрлі Алиналар, Сюзанналар. Бұл - көпөлшемді әсер. Қазақстан тіпті балаға есім беруде де көпвекторлы", - деді Орал Құсайынов.
Сарапшы қазір қазақ ата-аналарының есім таңдауда әлдеқайда еркін екенін айтады. Ал 70 жыл бұрын олар тұңғышына өз еркімен есім бере алатынына сенбес еді. Тарихшының айтуынша, есім беру мәселесінде тіпті кей дамыған елдерде де консерватив көзқарастар сақталған.
"Мысалы, Данияда ата-аналар беруге құқығы бар 4000-нан аса ресми тіркелген есімдердің тізімі бар. Ал егер есім бұл тізімде болмаса, демек балаға ондай ат беруге ата-ананың құқығы жоқ. Егер ата-ана балаға тізімде жоқ есім берсе, олар белгілі бір жауапкершілікті өз мойнына алуы керек", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек