Астанада банк қызметкерлерінің кепілге алынуы: ісі сотқа жолданды

Астанада банк қызметкерлерінің кепілге алынуы: ісі сотқа жолданды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлышманов

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алу ісі сотқа жолданды. Ақпаратты елордалық соттың баспасөз қызметі өкілдері растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында.

"Қарау күні әлі белгісіз", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше қызметкерді кепілге алғаны хабарланған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, кепілге алынғандар арасында банкке келушілер жоқ.

Ішкі істер министрлігі өкілдері Kaspi Bank-те неше адам кепілде отырғанын мәлімдеді. Кейінірек ер адам 7 адамды кепілге алғаны белгілі болды.

"Ер адамның оқ өтпейтін жилет кигені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Әскери қызметкерлер арнайы операцияға қатысқан жоқ. Біз азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деді ІІМ өкілдері. 

Кейін кепілге алынғандардың сыртқа шығарылғаны, оқиға орнына қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келгені хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек