- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ажырасты ма, әлде...
Ажырасты ма, әлде хайп па? Актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш "бәрі бітті" деп жазба жариялады
Актер Жахан Отарғалиевпен әлеуметтік желіде жазба жариялап оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жұбайы Балжан Бидашпен түскен суретті желіге жүктеп:
"Бәрі бітті",- деп жазды.
Сондай-ақ, жұлдызды жұп әлеуметтік желіде бір-бірін достар тізімінен шығарып, бірге түскен суреттері мен видеоларын парақшадан өшіріп тастаған. Артынша Жахан Отарғалиев instagram парақшасына анасымен отырған видеосын бөлісті.
"Рахмет, анашым", - деп жазба жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары жұлдызды жұптың екі тарапқа кеткеніне сенбей, кезекті хайп деп пікір қалдырды.
"Көп пікір жазбаушы едім. Бірақ, 7 қыркүйекте шығатын киноға бола осылай хайп жасап, "бәрі бітті" деп халықты алдап, ертең фильм біткен соң "қайта қосылдық" десеңіз, бұл дардай басыңызға, абыройыңызға сын", "Бірінші әйелімен ажырасқанда да анасымен контент жасап еді", "Бақытты ете алмайтыныңды білсең, бастамауың керек еді", "Сөз жоқ", "Балжансыз қызық емес болып кетті","Пиар қуған жігітке сенген қызға обал", "Екеуі ажырасқан жоқ. Ондай жамандық тілемеңдер", "Балжанды бағаламадың ғой", - деп жазды олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы