19 жастағы жігіт құтқарушылар мен полицейлердің көзінше өз-өзіне қол жұмсамақ болған (видео)

19 жастағы жігіт құтқарушылар мен полицейлердің көзінше өз-өзіне қол жұмсамақ болған (видео)
Фото: ТЖД

Шығыс Қазақстанда 19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 20 тамызда болды. Төтенше жағдай департаменті құтқарушыларына Ертіс өзеніндегі автожол көпірінен жігіт секірмек болғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел түрде ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жіберілген. Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде полиция қызметкерлері жігітті райынан қайтармақ болып тұрған кезде кенет оның суға секіріп кеткенін көрген.

"ТЖ қызметкерлері оған құтқару шеңберін лақтырған, алайда жігіт оған қарамаған. Сол кезде олар қайықпен жанына келіп, судан алып шықты", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар оны жағалауға жеткізген соң жедел жәрдем дәрігерлеріне тексеру үшін табыстады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова