Полиция қызметкерінің төбелесіне қатысты Қостанай облысы ПД түсініктеме берді

Фото: бейнежазбадан алынған кадр

Қостанай облысының полиция департаменті Қостанайдағы төбелес кезінде полиция қызметкерлерін ұрып-соғу туралы мәлімдемеге түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде қала мекемелерінің бірін жақын аумақта полиция қызметкерлері мен қала тұрғындары арасында төбелес болып жатқан бейнежазба тарады. Алайда, облыстық ПД хабарлағандай, полиция бұл жерге төбелес нәтижесінде келген. Полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау және қарсылық көрсету фактісі болмапты.

"19 тамызда, таңғы сағат 06:00 шамасында, 102 пультіне Қостанайдағы кафелердің бірінің жанында бірнеше адам арасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірнеше автопатрульдер жіберілді.Келген кезде полиция қызметкерлері барлық ұрысқа қатысушыларды ұстап алып, оңтүстік полиция бөліміне 6 адамды жеткізді. Олардың барлығы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау және қарсылық көрсету фактісі болған жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жарияланымның авторын анықтауға тырысуда.Бейне авторына қызметкерлерге дұрыс сөйлемеді және жалған ақпарат таратты деген айып тағылу мүмкін. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов