20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды
Фото: Tengrinews.kz

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский айтты.

"Терең күйзеліспен "АрселорМиттал Теміртау" ұжымы атынан мезгілсіз қаза тапқан әріптес кеншілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Бұл қаза отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы.

Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі.

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды", - деді ол.

14 тамыз "Қазақстан" шахтасында өрт болып, жер астындағы 227 кеншінің 222-і жер үстіне шығарылды. 5 адам қаза тапты:

  • Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, еңбек өтілі 21 жыл;
  • Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, еңбек өтілі 10 жыл;
  • Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, еңбек өтілі 4 жыл.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан