"18 жастағы қыздан кем емес". Ерке Есмахан мен Raim той стилінде түскен фотоларын жариялады

"18 жастағы қыздан кем емес". Ерке Есмахан мен Raim той стилінде түскен фотоларын жариялады
Фото: instagram.com/raimusican

Әнші Ерке Есмахан той көйлегімен түскен фотосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлеміме сен келдің…

Бізге тілеген тілектеріңізді Алла еселеп өздеріңізге қайтарсын", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Raim да парақшасына осындай фотоның біреуін жүктеп, "ЖанҰя" деп жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от RaiM (@raimusican)

Екеуінің оқырмандары "Сөздің шыны екеуі пара болып тұр. Ерке үлкен қызға ұқсап тұрғаны жоқ", "Мықтысызда,р қаншама елдің көзі, сөзіне қарсы тұрып өз бақыты үшін күресе білген. Екі дүниенің бақытын нәсіп етсін", "Корея актерларыма деп қалдым, екеуі де фотогеничный", "40 жылдан кейін бұйыртса немере, шөберенің ортасында отырған ақ шашты ата, ақ жаулықты апа боп отырған фотоның куәсі болайық", "18 жастағы қыздан кем емес, күшті жарасып тұрсыздар. Ең бастысы Алланын бұйрығы", "Күшті жарасымды жұп, ешқандай жас ерекшелік байқалмайды, тек бақытты болыңыздар", "Үлкен әйел екені көрініп тұр дегендер айнаға бір қарап келіңші. Сендерден жас көрінеді негізі", "Дым да үлкен болып тұрган жок, әдемі, Ерке озине жақсы қарайды" деп жазып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан