Қарағандыда саябақта қансырап жатқан ер адам тұрғындарды шошытты

Қарағандыда саябақта қансырап жатқан ер адам тұрғындарды шошытты
Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда орталық саябақта қансырап жатқан ер адам тұрғындарды шошытты. Облыстық полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде саябақта жерде жатқан ер адамның видеосы пайда болды, ер адамды саябақтағылар мен полиция қызметкерлері қоршап алған. 

Саябақ басқармасы мас ер адамның өзін-өзі жарақаттағанын айтты. Ведомствоның мәліметінше, 28 жастағы ер адам кешкі уақытта өз бетімен америкалық әткеншектерге бару үшін, қоршаудан секіріп өтпек болған, бірақ құлап, қолын жарақаттап алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

"Ол әткеншекке мінбеді!" - деп атап өтті саябақ өкілдері.

Бұл жағдайға Қарағанды ​​облысының полиция қызметкерлері де пікір білдірді. 

"Әткеншектің қоршауынан асып өтпек болған ер адам саусағын кесіп алған. Бұл дерек полицияда тіркелді", - деп түсіндірді департамент өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек