Дәрігер үнемі аяқ-қолыңыздың мұздап жүруінің себебін айтты

Дәрігер үнемі аяқ-қолыңыздың мұздап жүруінің себебін айтты
Фото: pixabay.com

Кей адамдардың үнемі қол-аяғы мұздап жүреді. Бұл гипотиреоз болуы мүмкін. Превентивті нутрициолог Сейтжанова Ақтоты Әуелбайқызы өзінің инстаграм парақшасында гипотиреоздың негізгі белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер гипотиреоздың (қалқанша безі қызметінің төмендеуі ) ең басты белгілерін атап өтті:

  • Депрессия;
  • Терінің құрғақтығы;
  • Бас ауруы;
  • Әлсіздік, ештеңеге зауқы болмауы;
  • Ұмытшақтық;
  • Етеккір циклының бұзылуы;
  • Гиперлипидемия;
  • Жиі қайталанатын инфекциялар;
  • Күн жылыда тоңып жүру;
  • Шаштың сиреуі;
  • Бұлшықеттегі ауырсыну сезімі;
  • Дауыстың өзгеруі (жәй шығуы);
  • Тез салмақ қосып алу.

"Егер сізде осы белгілер басым болса, онда сізде гипотиреоз бар деген сөз", - деп жазды дәрігер.

Қалқанша безі гормондары – организмдегі әр клетканың митохондриалды зат алмасу процесінде өте маңызды рөл атқарады. Сол себепті оның қандай да бір гормоны жетіспесе, міндетті түрде ағзада жаңылыс туындап бастайды. Ең жиі кездесетін - адамның интеллектуалды, физикалық дамудың кешігуі, бедеулік, түсік және т.б.

Дәрігер Ақтоты Әуелбайқызы өздігінен диагноз қою және емделу қауіпті екенін ескертті.

"Гипотиреозға шалдыққан адамның 95 %-ында – йод жетіспеушілігі анықталған. Бірақ ол гипотиреоз бар екен деп – өз бетінше йод препаратын қабылдауға болады деген нәрсе емес. Себебі жоғары дозировка немесе ұзақ уақыт бойы йод препараттарын қабылдау – зобқа әкелуі мүмкін. Сол үшін барлығы дәрігердің тағайындауымен болу керек", - деп жазды ол.

Кімге және қандай жағдайда көп жүруге болмайды? Дәрігер жауабы

А. Жапатова