Балқашта жантүршігерлік жол апатынан 9 адам қаза тапты

Балқашта жантүршігерлік жол апатынан 9 адам қаза тапты
Фото: Polisia.kz

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 19 тамызда сағат 6:00 шамасында Балқаш - Приозерск тасжолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысқан. 

"Салдарынан 9 адам оқиға орнында қаза болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек