"Қазақстан" шахтасында үшінші кенші өлі табылды

"Қазақстан" шахтасында үшінші кенші өлі табылды
Фото: dauletten.kz

"Қазақстан" шахтасында іздестіріліп жатқан үшінші жұмысшының денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марқұмның әріптестері, компания ұжымы қайғырып, оның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қолдау көрсетіп, көмек береді. Жерлеуге байланысты шығындарды жабу, қайтыс болған қызметкерлердің он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем; 18 жасқа толғанға дейін әр балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (егер ол студент болса, 23 жасқа дейін); 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төленеді; тұрғын үй сатып алу немесе біржолғы өтемақы; тұрғын үйді жөндеуге ақы төленеді; ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу; серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен балалар лагерьлеріне жыл сайынғы жолдамалар беріледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, "Қазақстан" шахтасында үш жұмысшыны іздеу жұмыстары бойынша тың деректер айтылған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы