Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, қақ айырылды

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, қақ айырылды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соқтығысып, қақ айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтабан - Матай автожолында жедел жәрдем көлігі мен Урал жүк көлігі жол апатына түскен. 

Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды, ол рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.

ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина