- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тез байығым келді"....
"Тез байығым келді". Танымал психолог Құралай ханым буддаға қандай қатысы болғанын айтты
Блогер, психолог ретінде танымал Құралай ханым Аман Тасығанға берген сұхбатында Talk Like бағдарламасында буддаға қандай қатысы болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл ілімнен өзіне керегін алған, будданы насихаттау ниеті болмаған. Алайда курстарында фэншуй ілімінің элементтері болған.
"Фэншуй деген ілім бар. Дәл будда емес. Үйді жинайтын, ақша әкелетін техникалар бар. Сенгіштігім бе, кез келген жаңалыққа құмармын. Ауылда отырған кезде, 2000 жылдардың басында сондай кітаптар шыға бастады. Ол кезде қазіргідей интернет жоқ. Тез байығым келді. Шетелде жүрсем, балаларым мықты университтерде оқыса деп шынымен тез байығым келді. Перзентханада жатқанда қасымда қып-қызыл кітап тұрды. Сол кітапты оқығанда, қатты ұнады. Сол жерде ас үйің таза болса, ақша келеді, офисің, көлігің таза болса, жолың болады деген техникалар болды. Өзіме қатты ұнады. Фэншуйді табынып, буддаға барған ештеңем жоқ. Бірақ өзіме керек нәрселерді алып, көп қолдандым", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова