Солтүстік Қазақстандағы жантүршігерлік жол апатында екі көлік те түгі қалмай жанып кеткен

Солтүстік Қазақстандағы жантүршігерлік жол апатында екі көлік те түгі қалмай жанып кеткен
Фото: ІІМ

Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 тамызда сағат 21:45 шамасында Аралағаш ауылының маңындағы Астана-Петропавл тасжолының 431-шақырымында Toyota Hiace көлігі мен жартылай тіркемесі бар MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік те жанып кетті.

Астана қаласының тұрғындары, Toyota автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. MAN жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова