- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда курьер 100...
Алматыда курьер 100 мың теңге тұратын телефонды иесіне жеткізбей, қашып кеткен
Алматыда курьер құны 100 000 теңге тұратын ұялы телефон салынған пакетті алып, айтылған орынға жеткізбей жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желілерде пайда болды. Жазбада жеткізуші пакетті ұялы телефон сататын дүкенінен алғаны айтылған.
"Сәлемдемеде құны 100 000 теңге тұратын Xiaomi ұялы телефоны болған. Ол қашып кетті, хабарласпайды, телефонды жеткізбеді. Полицияға арыз жазылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жазба авторы бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларды тіркеген. Кадрларда ер адамның дүкенге қалай кіріп, сатушыдан сәлемдемені алып, шығып кеткені көрсетілген.
Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін "Яндекс.Доставка" компаниясына жүгінді. Баспасөз қызметі курьердің қызмет тапсырыстарын орындаудан шеттетілгенін хабарлады.
"Біз клиентпен байланыстамыз, сақтандыру компаниясы келтірілген шығынды өтеу мәселесімен қазірдің өзінде айналысып жатыр. Құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша тергеуге қажет ақпаратты беруге дайынбыз", - деді компания өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова