- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақстан" шахтасындағы өрт:...
"Қазақстан" шахтасындағы өрт: тағы бір қызметкер өлі табылды
"Қазақстан" шахтасындағы өрттен кейін тағы бір жұмысшы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сағат 8:15-те тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір оны беру бойынша іс-шаралар басталды", - деді "АрселорМиттал Теміртау" тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.
Еске салайық, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері, 1965 жылы туған Виталий Владимирович Слюньков (жерасты электршебері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл) қаза тапқаны хабарланған болатын.
Апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адамды жер бетіне жедел көтеріп, қалған төрт кеншіні іздестіру жалғасып жатыр.
"Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетеміз", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.
Компания апаттың себептерін толық тергеу үшін мемлекеттік органдармен бірігіп қызмет етіп жатқанын атап өтті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина