Алматыдан "маугли" балалар табылды: көршілері күтпеген деректер айтты

Алматыдан "маугли" балалар табылды: көршілері күтпеген деректер айтты
Фото: "Астана" телеарнасы

Алматыда "маугли" секілді өмір сүрген кәмелетке толмаған үш бала Медеу ауданындағы пәтерлердің бірінде адамшошырлық жағдайда тұрған. Тұрғын үй қоқыс пен нәжіске толы болған. Олардың жанында мас анасы болған. Бұл отбасының көршілері үйден көптен жағымсыз иіс шыққанын айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Полицейлерге отбасы байланысқа шықпағаннан кейін есікті бұзып ашуға тура келген. Сондай-ақ, бұл отбасы есепте тұрған.

Ал балалар мұндай жағдайда екенін көршілері білмеген. Олардың сөзінше, балалардың анасы өзін қалыпты адам сияқты көрсеткен. Бірақ көршілер пәтерден үнемі жағымсыз иіс шығып тұрғанын айтады.

"Иіс қатты болды. Кішісін, үшінші баланы ешқашан көрген емеспін. Үш бала деп жатыр. Балалар жабық жерде отырды, өйткені баласы қашып кететін. Неге екенін білмеймін. Балаларға, әрине, аянышты. Үнемі жабық үйде отырды", - дейді ол.

Ата-ана міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін немқұрайды анаға айыппұл салынды. Балалар алты айға дейін бейімделу орталығында болады. Олардың болашақ тағдырын сот шешеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы пәтерлердің бірінен "маугли" балалар табылғаны хабарланған еді. Артынша полиция балалардың анасы ата-ана құқығынан айырылатынын хабарлады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова