- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ата-анасынан айырылған студенттер...
Ата-анасынан айырылған студенттер енді жатақханада тегін тұрады
Қазақстанда енді ата-анасынан айырылған студенттердің жатақханада тұру ақысы өтеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларына" өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Оған сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттары үшін еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алу кезінде жатақханада тұру шығыны үшін өтемақы төленеді.
Жатақханаларда тұру шығыны үшін өтемақы сомасы жылына 29 айлық есептік көрсеткіш көлеміне тең болады. Биыл барлығы 7 145 адам өтемақы алады.
"Оның 4 651-і - жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер. Мүгедектігі бар, бала кезінен мүгедек 2 494 адам бар. Өтемақы осы жылдың қыркүйегінен бастап беріледі", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан