Алматыда телеарнаның түсірілім тобына шабуыл жасалды: министрлік пікір білдірді

Алматыда телеарнаның түсірілім тобына шабуыл жасалды: министрлік пікір білдірді
Фото: видеодан алынған кадр

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Аlmaty.tv арнасының түсірілім тобына жасалған шабуылға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аlmaty.tv арнасының түсірілім тобына қатысты болған жағдай туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабардар. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аталған мәселені жіті бақылауда ұстайды. Сонымен қатар министрлік арна қызметкерлеріне заң аясында қолдау көрсетуге әзір", - деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жастағы Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты сот ісі өтіп жатқан Алматы гарнизонының әскери соты маңында "Алматы" телеарнасының түсірілім тобына азаматтық белсенді Байбах Белялов күш көрсеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AlmatyTV | Алматы телеарнасы (@almaty.tv)

"Нақты бір себебін айтпай, түсірілім тобына шабуылдаған азамат журналист пен телеоператорға дене жарақатын салып, бейнекамера штативін сындырған. Онымен қоймай, әріптестерімізге мұнымен тоқтап қалмайтынын айтып қорқытқан, балағат сөз айтқан.

Біз Айкөркем Мелдеханның қазасына қайғырамыз, бұл оқиғаға бейжай қарамаймыз. Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне күш көрсетуді тәртіпсіздік һәм заңға қайшы әрекет деп санайтынымызды жеткізгіміз келеді. Осы тұста кінәлі азаматқа заң шеңберінде шара қолданылуын талап етеміз", - деп хабарлады телеарна.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан