Талдықорған авиациялық базасында төтенше жағдай болды. Салдарынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен. Салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.
Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!