Біздің салада жүргендер аспаннан салбырап түскен адамдар емес - ІІМ орынбасары

Біздің салада жүргендер аспаннан салбырап түскен адамдар емес - ІІМ орынбасары
Фото: видео кадры

ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Шымкентте гүлді тартып алған қызметкер учаскелік полицей екенін растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен гүлдерді тартып алған адам сол кезде де, қазір де учаскелік полицей екенін растаймын", - деді Қожаев. 

Сонымен қатар, ІІМ бірінші орынбасары полиция саласында реформа жүргізуге қатысты ойын айтты. 

"Біз реформаны жан-жақты жүргізіп жатырмыз. Біздің салада жүрген адамдар аспаннан салбырап түскен адамдар емес. Ол біздің қоғамның мүшелері. Қоғамда болып жатқан нәрселер біздің де салада болып қалады. Мысалы, 126 мыңнан аса адам қызмет істейді", - дейді Марат Қожаев.   

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік ер адамның дүкеннен гүл шоғын күштеп алып, сатушыны итеріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға мамыр айында болған, бірақ видео жақында ғана жария болды. Күш көрсеткен ер адам полиция қызметінен босатылған Қаратау аудандық полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Кейін атышулы видеодағы екінші қатысушының кім екені белгілі болды. Ол Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды екен.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина