Талғарда бір топ адам жолда көкпар ойнап, көліктерге кедергі келтірген

Әлеуметтік желіде Алматының іргесіндегі автожолда көкпар ойнағандардың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 14 тамызда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы автожолдарының бірінде 10 адамнан құралған топ көкпар ұлттық ойынын ойнап, сол арқылы көлік құралдарының жол қозғалысына кедергі келтірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)

Аталған дерек Талғар ауданының полиция бөлімінде дереу тіркелді. Тексеру барысында оқиғаның 12 тамызда болғаны анықталды, қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.

Іс материалдары сотқа жолданып, оның шешімі бойынша кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан