- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Отаныма қызмет етем"....
"Отаныма қызмет етем". Жайлауда картоп отап, сатып жүрген 14 жастағы жасөспірім елді сүйсінтті
Фотограф Ернар Алмабек Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылына кезекті сапар барысында ерекше кейіпкер тапқан. Оның есімі - Серік. Небәрі 14 жастағы жігіт жазды күні жайлауға келіп ата-анасына көмектеседі екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ернар Алмабек кейіпкерінің сөйлеу мәнері мен дауысы ескі кинолардың кейіпкерлеріне ұқсатқанын айтты. Фотограф бала күнінде кетпені қолынан түспейтінін, сол шақтар еске түскенін жеткізді.
© instagram.com/yernar_almabek
"Картоп отап жатқанбыз.
- Қанша сол мұнда?
- 25 солдай бар-ау. Мен жайлаудан бүгін келгенмін. Жайлауда тұрамыз өзіміз. Мал бағамыз әке-шешемізбен. Арасында осылай келіп картоптың шөбін отап, үй жақтың айналасын отап кетемін.
- Қанша картоп аласың мына жерден, жоспар бойынша.
- 10 қаптай аласың. Қысқа-қысқа солдар мұның бәрі. Үйге жинаймыз, артылғанын сатамыз. Өзімізге тұқымдыққа қалады,-деп жазды ол өзінің instagram парақшасына.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ата-анасына қолғабыс болып жүрген Серікке Желі қолданушылары ақжарма тілектерін арнаған.
"Еңбектің наны тәтті. Бақытты ғұмырлы бай бол балам","Ауылдың адамдары қандай тұнық десеңші","Ереке, түсірген суреттеңіз қазақтың қарапайымдылығын паш етеді, көптеген жасанды фотосессиялардан анағұрлым артық","Жаным ау сол арманың орындалсын. Міне осы балалар қазақтың болашағы. Текті еңбекқор","Ауылдың тәрбиелі баласының нақ бейнесі","ОТАНЫМА қызмет ететін, - деген жүрегінен айналдым!","Табиғи дүниелер. Керемет! Отаны осындай ұлдарын қорғасын ендігі, сындырмай", - деп жазды олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы