АҚШ-тың Алматыдағы жаңа консулы: Қазақ тілін оқуды мұнда келмес бұрын бастадым

АҚШ-тың Алматыдағы жаңадан тағайындалған консулы қызметіне кірісті. Ол өзін қазақстандықтарға таныстырып, видео түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қайырлы күн, достар! Менің атым - Мишель Еркін. Бүгін АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы ретінде қызметімді бастап отырмын. Бұны үлкен мәртебе деп білемін. Алматыға жиырма жыл бұрын алғашқы дипломатиялық қызметімді атқару үшін келгенде-ақ ғашық болдым. Енді, міне, әдемі, қонақжай Қазақстанға қайта оралу қуанышына ие болдым. Мен қазақ тілін оқуды мұнда келмес бұрын бастадым. Енді тіл үйренуді қазақ тілінің отанында жүріп жалғастыратыныма ризамын. Әзірше отбасыммен Алматыны қайта танып, бұл қала мен Қазақстанның оңтүстігінің осы уақыт ішінде қалай өзгергенін көріп-білгіміз келеді. Ол үшін кеңестеріңізге құлақ түреміз. Осы өңірді танысуды қайдан, неден бастайық? Екі еліміздің достығын нығайту үшін бірге атқаратын әрбір ісімізді асыға күтемін. Сіздермен көп ұзамай кездесеміз деген үміттемін! Көріскенше, достар!", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Алматыдағы жаңадан тағайындалған бас консулы Мишель Еркін Қазақстанға келгенін жазған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!