Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған ер адам орманнан өлі табылды

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған ер адам орманнан өлі табылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында ер адам өлі табылды. Оны саңырауқұлақ терушілер тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД мәліметінше, із-түзсіз жоғалған адамның денесі Федоров ауданы, Костычевка ауылынан 6 шақырым жерде табылған.

Ер адам 7 шілдеде үйінен шығып кеткен. Осы факт бойынша полицейлер іздеу жариялаған. Ер адамды саңырауқұлақ теруге шыққандар орманнан тауып алған.

Қазіргі уақытта соталды тергеу аясында сараптамалар тағайындалғаны айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан