Ер адам кішкентай қыздың қасына келіп, басынан сипап, қинап сүйіп алған

Ер адам кішкентай қыздың қасына келіп, басынан сипап, қинап сүйіп алған
Фото: видео кадры

Ташкенттің Мирзо-Улугбек ауданында кішкентай қызбен отырған ер адамның әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nova24.uz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 8 тамызда болған. Бірнеше қыз ер адам кішкентай қыздың қасына келіп, оның басынан сипап, артынша қинап сүйіп алғанын көріп, видеоға түсіріп алған. 

"Мемлекет азғыннан қоғамды қорғай ма? Бұл 16, тіпті 14 жасқа толмаған балаға қатысты азғындық әрекеттері ғой. Мұны тоқтатпаса, азғынның келесі құрбаны кім болады?", - делінген сайтта.  

Еске салайық, бұған дейін Ташкентте мектеп оқушысын тал түсте зорламақ болған ер адам алдағы он жылын түрмеде өткізетіні белгілі болды. Podrobno.uz мәліметінше, Мирабад аудандық соты Самарқанд облысының 26 жастағы тұрғынына шешім шығарған. Ол биыл сәуірде Ташкентте мектеп оқушысына шабуыл жасап, оны зорламақ болған. Ер адам қызға жүгіріп барып, бетінен сүйіп, құшақтай бастаған. Бірақ мектеп оқушысы қарсыласқаннан кейін оны босатып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина