Құжатта Кеңес Рақышевтың есімі жүр: Байденнің отбасы қазақстандық және ресейлік олигархтардан ақша алған - БАҚ

Құжатта Кеңес Рақышевтың есімі жүр: Байденнің отбасы қазақстандық және ресейлік олигархтардан ақша алған - БАҚ
Фото: Tengrinews.kz

АҚШ Өкілдер палатасының қадағалау комитетінің төрағасы Джеймс Комер президент Джо Байденнің отбасына қатысты шетелдік операциялары туралы баяндама жариялады. Онда АҚШ президентінің отбасы мен оның серіктестері Байден вице-президент кезінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының және басқа да шетелдік кәсіпкерлерден миллиондаған ақша алғаны айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Fox News телеарнасының мәліметінше, баяндамада банк жазбаларының скриншоттары келтірілген. 

"Комитет Байдендер отбасының банк есебіне Қытай, Румыния, Қазақстан, Ресей және Украинадан миллиондаған долларлар түскенін анықтады", - делінген құжатта. 

Баяндамадағы деректерге сәйкес, қазақстандық олигарх Кеңес Рақышевтің төлемдері туралы да айтылған. 

Сонымен қатар, баяндамада ресейлік кәсіпкер Елена Батурина туралы да айтылады. Құжатта Украинаның Burisma мұнай-газ холдингімен қарым-қатынасы туралы да бар.

Байден кәсіпкерлермен не олардың өкілімен жеке кездескені айтылады. Ал жергілікті кәсіпкер Коллин Рагтың сөзінше, Байденнің отбасы шетелдік кәсіпкерлерден 20 миллион долларға дейін ақша алған болуы мүмкін. 

Сондай-ақ Байден вице-президент кезінде шетелдік іскерлік серіктестерімен 20 рет телефон арқылы сөйлесіп, олигархтармен түскі ас ішкен. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина