Жетісу облысында бір отбасы мінген көлік аударылып, әйел қаза тапты

Жетісу облысында бір отбасы мінген көлік аударылып, әйел қаза тапты
Фото: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, факт 8 тамызда Көксу ауданында тіркелген. Оқыс оқиғадан әйел қаза тауып, бала зардап шеккен.

"39 жастағы ер адам тізгіндеген Mercedes Benz көлігі Алматы-Өскемен тасжолының 235-шақырымында аударылып қалған", - деді полицейлер.

Жүргізушінің 35 жастағы әйелі оқиға орнында қаза болған. Сондай-ақ, олардың екі жасар баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан