"Димаш Ахмедовичке өшікті". Генерал Шабдарбаев Қонаев пен Назарбаевтың арақатынасы туралы айтты

"Димаш Ахмедовичке өшікті". Генерал Шабдарбаев Қонаев пен Назарбаевтың арақатынасы туралы айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Қонаевтың жеке күзетін басқарған генерал Амангелді Шабдарбаев Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында Дінмұхамед Қонаев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың арақатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, екі тұлғаның арасында Желтоқсан оқиғасына байланысты кикілжің туындаған.

"Соның бәрін (Желтоқсан оқиғасын - еск.) ұйымдастырды деп Қонаевқа айтты. Қонаевқа Горбачев телефон соқты. Мен жанында тұрдым. Горбачев "Димаш Ахмедович, барлық із сізге апарады. Сіз ұйымдастырдыңыз" деді. Димаш Ахмедович "Михаил Сергеевич, мен емес, мен зейнетке кетіп бара жатырмын. Маған не керегі бар" деп телефонды қойды да, қатты ойланып қалды, қорқып кетті. Содан кейін Димаш Ахмедовичке жақсылап тиісті. 

Мәскеуге барғанда, "мен емес, кетіп бара жатқан адаммын. Оны менің орныма таласқан адамдардан іздеңдер, сұраңдар" деді. Сонда ол кісі Нұрсұлтан Назарбаевты атады. Сол үшін Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Ахмедовичке өшікті, соны кешірмеді. Димаш Ахмедович марқұм болғанның өзінде де Димаш Ахмедович туралы теледидардан айтқызбады, оқулықтарға кіргізбеді, ол кісі туралы жақсы сөйлеттірмеді", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев Қаңтар оқиғасының алдында болған жағдай туралы айтып, құпия әңгімелердің сырын ашқан еді. 

Cонымен қатар, экс-генерал Шабдарбаев Рахат Әлиевтің өліміне қатысты деректерді бөлісті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова