Бублик Торонтодағы турнирдің алғашқы айналымында кіммен ойнайды?

Бублик Торонтодағы турнирдің алғашқы айналымында кіммен ойнайды?
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Бүгін, 7 тамызда Торонтода (Канада) ерлер арасындағы ATP 1000 санатындағы турнирдің бірінші айналымдағы матчтары өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның жекелей сындағы үздік теннисшісі, әлемдік рейтингіде 28-орында тұрған Александр Бублик әлемнің 17-ракеткасы, поляк Хуберт Гуркачқа қарсы ойнайды.

Матч Астана уақытымен шамамен 00:30-да басталады.

Бублик - Гуркач матчының жеңімпазы екінші айналымда Кристиан Гарин (Чили) мен Миомир Кечмановичтің (Сербия) біреуімен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан