Шымкентте полицей анасы мен қызын қағып кеткен: әйел қайтыс болды

Шымкентте полицей анасы мен қызын қағып кеткен: әйел қайтыс болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Шымкентте полиция қызметкері патрульдік көлікпен қағып кеткен әйел қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, 39 жастағы әйел ауыр жағдайда түскен. Бас-ми жарақаты, миға зақым келген, қан құйылу және мидың ісінуі диагнозы қойылған. Жансақтау бөліміне жатқызылып, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілгенімен, әйелдің жағдайы нашарлап, қайтыс болғаны хабарланды.

"Жүргізіліп жатқан емдеу шараларына қарамастан, науқастың жағдайы нашарлады, 7 тамызда биологиялық өлім анықталды. Оның себебі – мидың ісінуі, дислокация синдромы", – дейді №1 қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Оңалбай Нарманов.

Полицей қағып кеткен екінші адамның жағдайы орташа ауыр.

Еске сала кетейік, 3 тамызда Байтұрсынов көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран аудандық полиция бөлімінің жүргізуші-полицейі қызметтік көлігімен 2 жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан