- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда жер сілкінісі...
Алматыда жер сілкінісі болды
Алматыда жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 6 тамызда Алматы уақытымен 20:29-да (Гринвич бойынша 14:29-да) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.8. MPV магнитудасы - 4.2.
Эпицентрдің координаттары 43.06° С. Е. 76.89° ш. б.
Тереңдігі 10 шақырым. Жер сілкінісін сезу туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы, Алматы-Арасан шатқалы 2 балл.
Сағат 20:29-дан 21:20-ға дейінгі аралықта "112" желісіне қоңыраулар түскен жоқ. Зардап шеккендер мен зақым келу туралы ақпарат түспеген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина